Жанар-жағармай материалдарын сатып алу бойынша тендер талаптары бар тендерді өткізу туралы хабарландыру (Тендер өтінімдерін берудің соңғы мерзімі қоса алғанда 2019 жылғы «14» қантар 10 сағат 00 минутқа дейін.)

Сатып алуды ұйымдастырушы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамының сатып алу басқармасы арқылы, A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 181, «ҚР Ұлттық Банкі» РММ-дағы БСН: 110340003611, ЖСК: KZ39125KZT1001305542, БСК: NBRKKZKX, БЕк 16, шот валютасы: KZT, электронды мекенжай – [email protected], тел. 8 727 2599 181, ішкі тел. 3749, жанар-жағармай материалдарын (бұдан әрі – Тауарлар) тендер тәсілімен сатып алу бойынша тендердің өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Тендер талаптары:
1. Тауарды сатып алу бойынша осы тендерге (лот) бөлінген соманы көрсете отырып тауар саны құрайды:

Лот Атауы Өлшем бірлігі Саны ҚҚС есептемегенде бірлік бағасы ҚҚС есептемегенде сомасы
1 АИ-95 маркасынан  төмен емес бензин литр 154 708 178,57 27 626 207,56
2 АИ-92 бензині литр 61 218 160,72 9 838 956,96
3 Дизель отыны (жазғы) литр 41 240 196,43 8 100 773,20
4 Дизель отыны (қысқы) литр 5 100 245,54 1 252 254,00

2. Сатып алынатын тауарға 2 (екі) беттік техникалық ерекше нұсқама осы Тендер талаптарының 1-қосымшасына сәйкес және 1 (бір) беттік әлеуетті жеткізушілер өтінімдерін бағалау критерийлері мен олардың мәнділік көлемі осы Тендер талаптарының 2- қосымшасына сәйкес.
3. Маңызды талаптарын көрсете отырып 11 (он бір) беттік сатып алу туралы шарт жобасы Осы Тендер талаптарының 3-қосымшасына сәйкес.
4. Тауарды жеткізу орны сатып алу туралы шарт жобасында көрсетілген.
5. Тауарды жеткізуге талап етілетін мерзім сатып алу туралы шарт жобасында көрсетілген.
Тендер өтінімін беру мен ресімдеу тәртібі Қағиданың1 4-параграфында көзделген. Конвертпен бекітілген тендер өтінімдерін әлеуетті жеткізуші немесе оның уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырыс бойынша жасалған пошта байланысымен A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қонаев көшесі, 181, № 204 кабинет мекенжайына береді (жібереді).
Тауарды сатып алуға бөлінген соманың 1 (бір) пайызы мөлшеріндегі тендерге қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету Қағиданың 10-Қосымшасына сәйкес үлгі нысан бойынша банктік кепілдік немесе мына банктік шотта: «ҚР Ұлттық Банкі» РММ-дағы БСН: 110340003611, ЖСК: KZ39125KZT1001305542, БСК: NBRKKZKX, шот валютасы: KZT орналасқан кепілді ақшалай жарнаны енгізгендігін растайтын төлем құжаты түрінде енгізіледі.
________________________________
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, оның ведомостволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидасы.
Тауарды сатып алуға бөлінген соманың 1 (бір) пайызы мөлшеріндегі тендерге қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету Қағиданың 10-Қосымшасына сәйкес үлгі нысан бойынша банктік кепілдік немесе мына банктік шотта: «ҚР Ұлттық Банкі» РММ-дағы БСН: 110340003611, ЖСК: KZ39125KZT1001305542, БСК: NBRKKZKX, шот валютасы: KZT орналасқан кепілді ақшалай жарнаны енгізгендігін растайтын төлем құжаты түрінде енгізіледі.
Тендер өтінімдерін қамтамасыз етпейтін барлық тендер өтінімдерін тендер комиссиясы Қағида талаптарына сәйкес келмейтін ретінде қабылдамайды.
6. Тендер өтінімдерін берудің соңғы мерзімі қоса алғанда 2019 жылғы «14» қантар 10 сағат 00 минутқа дейін.
7. Тендер өтінімдері A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қонаев көшесі 181, № 100 кабинет мекенжайында 2019 жылғы «14» қантар 11 сағат 00 минутта ашылады.
8. Тендер талаптарын түсіндіру қажеттілігі болғанда, әлеуетті жеткізушілер 2019 жылғы «9» қантар 10 сағат 00 минуттан кешіктірмей жазбаша сұратуымен сатып алуды ұйымдастырушыға жүгінеді.
Әлеуетті жеткізушілер сұратуларын сатып алу ұйымдастырушысының мына деректемелері бойынша жіберу қажет: Қазақстан Республикасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қонаев көшесі, 181, Сатып алу басқармасы, 204 каб., электронды мекенжайы – [email protected], тел. 8 (727) 259 91 81.
9. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
тендер талаптарын түсіндіру мәтінін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) https://cma-nbrk.kz. интернет-ресурсында жариялайды;
сұрату кімнен келіп түскенін көрсетпестен электронды пошта бойынша тендер талаптарына кіру рұқсатын алған әлеуетті жеткізушілерге тендер талаптарын түсіндіру мәтінін жібереді.
10. Сатып алуды ұйымдастырушы 2019 жылғы «10» қантар 10 сағат 00 минуттан кеш емес мерзімде өзінің бастамасымен немесе әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Тендер талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімдер қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде тендер талаптарына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мәтінін тапсырыс берушінің https://cma-nbrk.kz. интернет-ресурсына орналастырады.
Тендер өтінімдерін берудің соңғы мерзімі кем дегенде 5 (бес) күнтізбелік күнге ұзартылады.
11. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші Тауарды сатып алуды өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Қағиданың 50 және (немесе) 53-тармақтарында көзделген құжаттарды береді.
Әлеуетті жеткізушінің тендер өтінімі Қағидада көзделген талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс.
Қосымша ақпараттарды мына телефон бойынша алуға болады:
тел. 8 727 2599 181, ішкі тел. 3749.
Тендер комиссиясының хатшысы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы сатып алу басқармасының бас маманы – Молышев Талгат Максатович.

Получить документацию

Comments are closed.