Автокөлікті техникалық байқау бойынша қызметтерді хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады (Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: «05» сәуір 2016ж. сағат 09:00-ден бастап «12» сәуір 2016ж. сағат 09:30-ға дейін.)

1. Тапсырыс беруші/Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected]. Телефон: 2599 144
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автокөлікті техникалық байқау бойынша қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуларға қатысуға шақырады
2. Қызметтің атауы, құны және техникалық ерекше нұсқамасы:

Лот Қызметтің атауы Техникалық ерекше нұсқама

 

Өлшем бірлігі Саны  Көрсетілетін қызмет орны Сатып алуға бөлінген жалпы сома, ҚҚС есептемегенде, теңге
1 2 3 4 5   7
1 Автокөлікті техникалық байқау бойынша қызметтер 1.      Автомобильдің қозғалғыш бөлігін диагностикалау.2.   Автомобильдің тежегіш жүйесін тексеру.

3.  Автомобильдің меңгерікпен басқару жай-күйін тексеру.

4. Автомобиль дөңгелегінің геометриясын тексеру.

5. Фара жарығы жұмысының жай-күйін тексеру.

6. Пайдаланылған газ деңгейін өлшеу.

Жеткізушінің шығара алатын мобильді диагностикалық кешені болуы керек.

Қызмет 1  

 

 

 

 

 

 

Алматы қ., Ермак көш. 24

837 000,00

 3. Автокөлік құралдарын жарты жылдық және жылдық техникалық байқау бойынша автокөліктердің тізімі Шартқа №1, 2 Қосымша түрінде шарт жобасына қоса беріледі.
4. Қызметтерді көрсету орны  – Алматы қ., Ермак көш. 24;
5. Қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді әлеуетті жеткізушінің беру күні мен уақыты: «05» сәуір 2016ж. сағат 09:00-ден бастап «12» сәуір  2016ж. сағат 09:30-ға дейін.
7. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
«12» сәуір  2016ж. сағат 10:00-де.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 кабинет.
8. Қызметтер үшін талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
9. Маңызды талаптарды көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы қоса жіберіледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді және құжаттарды құрауы керек әлеуетті жеткізушінің қолы және мөрімен (ол бар болса) бекітілген тек бір баға ұсынсын береді:
•    әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
•    көрсетілетін Қызмет атауы, сипаттамасы және саны;
•    көрсетілетін Қызмет орны мен мерзімі;
•    көрсетілетін Қызмет бойынша техникалық ерекше нұсқама;
•    құрамына Қызметтерді көрсетуге байланысты шығыстары қамтылған Қызметтің бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
•    әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
•    сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
•    әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін Қызметтерді сатып алу атауы.
Әлеуетті жеткізушінің өкілі баға ұсыныстары бар конвертті ұсынған жағдайда өзімен бірге жеке куәлігінің көшірмесі, оның ішінде сенімхаты болуы керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін:
•    Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
•    ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
•    Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
•    Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
•    ЖК тіркеу туралы куәлік;
•    Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
•    Жеке куәлігі;
•    ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.