Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Автоматтандырылған жылу пунктін жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу туралы хабарландыру (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруді бастау мерзімі: 2019 жылғы «29» шілде Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 09 сағат 00 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет)
1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – ugz@cma-nbrk.kz .
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 259-91-81, электронды мекенжайы – ugz@cma-nbrk.kz.
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен автоматтандырылған жылу пунктін жөндеу бойынша жұмыстарды (бұдан әрі – Жұмыстар) сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Сатып алынатын Жұмыстардың атауы, саны, құны және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Жұмыс атауы | Сатып алынатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Бірлігі үшін бағасы, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) | Сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Автоматтандырылған жылу пунктін жөндеу (Сәтпаев, 30/8) | Сәтпаев көшесі, 30/8, 163-үй-жай мекенжайындағы автоматтандырылған жылу пунктін жөндеу.
1. Жылыту жүйесін толықтыруға арналған EV250B электромагнитті клапанды, KPI 35 қысым релесін қоса отырып ауыстыру – 1 жинақты жаңасына; 2. MC55/230 электржетекті CV216RGA, ДУ-50 екі жүрісті реттегіш клапанды ауыстыру – 1 жинақты жаңасына; 3. Әрбір сорғыда орнатылған 632.995.16 DAB қысымның түсуін көрсететін қадағаларды ауыстыру – 1 жинақты жаңасына; 4.CAУ-МП сорғыларымен басқару блогын ауыстыру – 1 жинақты жаңасына; 5. Жылу тасығышқа берілетін температураны реттеуге арналған ТРМ-32 контроллерді ауыстыру – 1 жинақты жаңасына; 6. Жылыту мен ЫСЖ контурына арналған қадағаларды (беру/айналу) ауыстыру – 4 данасын жаңаларына; 7. Сыртқы температура қадағасын ауыстыру – 1 данасын жаңасына; 8. Желілік су қысымы қадағасын ауыстыру – 1 данасын жаңасына; 9.IMI қысымның түсуін реттегішті және сорғыларды, импульстік түтіктерді тазалау, ревизиялау және басқару блогын баптау – 1 жинақ. Жұмысты орындағаннан кейін 72 сағат ішінде автоматтандырылған режимде автоматтандырылған жылу пункті жұмысын тәжірибелік тексеруден өткізу. Тапсырыс беруші өкілдерін орнатылған құрал-жабдықтың жұмыс істеуі мен пайдаланылуы принциптері бойынша оқудан өткізу |
Жұмыс | 1 | 945 831,00 | 945 831,00 |
2 | Автоматтандырылған жылу пунктін жөндеу (Достық, 136) | Достық даңғылы, 136 мекенжайындағы автоматтандырылған жылу пунктін жөндеу.
1.ЭНаТС 50/0,38,50кВт индукционды қыздырғыштың басқару блогын ауыстыру – 1 данасын жаңасына; 2. ЭНаТС 50/0,38,50 кВт индукционды қыздырғыш температурасы (беру/айналу) қадағаларын ауыстыру – 2 дана; 3. Жылыту мен ЫСЖ-ға арналған ECL Comfort 300 ауа райын анықтайтын автоматты термо реттегішті ауыстыру – 1 жинағын жаңасына. 4. VB2 Ду-25 мм реттегіш клапанның ARV 20 1-электржетегін ауыстыру – 1 данасын жаңасына; 5. Сыртқы температура қадағасын ауыстыру – 1 данасын жаңасына; 6.Жылыту мен ЫСЖ контурына арналған қадағаларды (беру/айналу) ауыстыру – 4 данасын жаңаларына. Жұмысты орындағаннан кейін 72 сағат ішінде автоматтандырылған режимде автоматтандырылған жылу пункті жұмысын тәжірибелік тексеруден өткізу. Тапсырыс беруші өкілдерін орнатылған құрал-жабдықтың жұмыс істеуі мен пайдаланылуы принциптері бойынша оқудан өткізу |
Жұмыс | 1 | 1 335 651,00 | 1 335 651,00 |
3. Сатып алынатын Жұмыстың техникалық ерекше нұсқамасы: шарт талаптарына сәйкес (әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарымен бірге сатып алынатын Жұмыстың қол қойылған техникалық ерекше нұсқамасын беруі қажет).
4. Жұмысты орындалатын орын – Шарт талаптарына сай.
5. Жұмысты орындалатын мерзім: Шарт талаптарына сәйкес.
6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруді бастау мерзімі: 2019 жылғы «29» шілде Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 09 сағат 00 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруді аяқтау мерзімі: 2019 жылғы «05» тамыз Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 10 сағат 00 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
8. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2019 жылғы «05» тамыз Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 10 сағат 30 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
9. Жұмысты сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптары көрсетіле отырып, оның ішінде техникалық талаптары қоса беріледі.
10. Әлеуетті жеткізуші «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы Бас директорының 2019 жылғы 15 шілдедегі №95-Ө бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу Қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 8-Қосымшасына сәйкес, мынадай мәліметтер мен құжаттарды қамтитын әлеуетті жеткізушінің қолы мен мөрі (бар болса) қойылып бекітілген үлгілік нысанмен тек бір ғана баға ұсынысын береді:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы және нақты мекенжайы;
2) орындалатын жұмыс атауы, сипаттамасы және саны;
3) орындалатын жұмыс орны мен мерзімі;
4) жұмысты орындауға байланысты шығыстары қоса қамтылған жұмыс бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы;
5) Жұмыс құнын көрсете отырып, әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекше нұсқама.
Қағиданың 200-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, баға ұсыныстарын беру мерзімі өткеннен кейін әлеуетті жеткізушіге берген баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат етілмейді.
11. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруі өткізілген сатып алу талаптарында және Қағидаларда көзделген талаптарды сақтай отырып, тауар жеткізуді, жұмысты орындауды, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға оның келісімен білдіру формасы болып табылады.
12. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын беруді аяқтау уақыты мен датасына дейін мөр басылған конвертпен беріледі.
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
13. Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстары бар мөрленген конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
1) әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы, БСН/ЖСН;
2) сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкесетін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушы) атауы мен пошталық мекенжайы;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын берген лоттарда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу атауы.
14. Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
* Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
* ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
* Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
* Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
* ЖК тіркеу туралы куәлік;
* Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
* Жеке куәлігі;
* ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).