Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жуынды-шайынды шұңқырды тазалау бойынша қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруді бастау мерзімі: 2019 жылғы «29» шілде Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 10 сағат 00 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет)
1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected].
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8, Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 259-91-81, электронды мекенжайы – [email protected]. баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жуынды-шайынды шұңқырды тазалау бойынша қызметтерді (бұдан әрі – Қызметтер) сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.
2. Сатып алынатын Қызметтің атауы, саны, құны және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Қызмет атауы | Сатып алынатын қызметтің қысқаша сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі | Бірлігі үшін бағасы, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) | Сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңгемен (ҚҚС есептемегенде) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Жуынды-шайынды шұңқырды тазалау |
1) Жуынды-шайынды шұңқырды тазалау ионың ішінде: жуынды-шайынды шұңқырды лайлы шөгінділерді органикалық және органикалық емес заттар бар шөгінділерді және басқа да жуынды-шайынды шұңқырдың ластарын сорып шығару – көлемі 300 (үш жүз) текше метр (жуынды-шайынды шұңқырды, метал төсемін жапырақтар мен басқа қоқыстан тазалау);
2) жуынды-шайынды шұңқырға іргелес аумақты кемінде 2 метр ара қашықтықта периметр бойынша қоқыстан тазалау; 3) бұтақтарды, ағаштарды, бұталарды және өсімдіктерді кесу, жуынды-шайынды шұңқырға іргелес аумақтағы шөпты шабу; Міндетті түрде: сорып шығарған лас-қалдықтарды және топырақты арнайы полигонға өз көлігімен және өз қаражатына шығару. |
Қызмет | 1 | 385 000,00 | 385 000,00 |
3. Сатып алынатын Қызметтің техникалық ерекше нұсқамасы: шарт талаптарына сәйкес (әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарымен бірге сатып алынатын Қызметтің қол қойылған техникалық ерекше нұсқамасын беруі қажет).
4. Қызмет көрсететін орын – Шарт талаптарына сәйкес.
5. Қызмет көрсететін мерзім: Шарт талаптарына сәйкес.
6. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруді бастау мерзімі: 2019 жылғы «29» шілде Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 10 сағат 00 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
7. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруді аяқтау мерзімі: 2019 жылғы «05» тамыз Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 10 сағат 30 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
8. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2019 жылғы «05» тамыз Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 11 сағат 00 минутта, мына мекенжай бойынша: A25Y5E8, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
9. Қызметті сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптары көрсетіле отырып, оның ішінде техникалық талаптары қоса беріледі.
10. Әлеуетті жеткізуші «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы Бас директорының 2019 жылғы 15 шілдедегі №95-Ө бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу Қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 8-Қосымшасына сәйкес, мынадай мәліметтер мен құжаттарды қамтитын әлеуетті жеткізушінің қолы мен мөрі (бар болса) қойылып бекітілген үлгілік нысанмен тек бір ғана баға ұсынысын береді:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы;
2) көрсетілетін қызмет атауы, сипаттамасы және саны;
3) қызметті көрсетуге байланысты шығыстары қоса қамтылған қызметтердің бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы;
4) Қызметтің құнын көрсете отырып, әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекше нұсқама.
Қағиданың 200-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, баға ұсыныстарын беру мерзімі өткеннен кейін әлеуетті жеткізушіге берген баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат етілмейді.
11. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беруі өткізілген сатып алу талаптарында және Қағидаларда көзделген талаптарды сақтай отырып, тауар жеткізуді, жұмысты орындауды, қызмет көрсетуді жүзеге асыруға оның келісімен білдіру формасы болып табылады.
12. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын беруді аяқтау уақыты мен датасына дейін мөр басылған конвертпен беріледі.
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
13. Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстары бар мөрленген конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
1) әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы, БСН/ЖСН;
2) сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкесетін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушы) атауы мен пошталық мекенжайы;
3) қатысу үшін әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын берген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу атауы.
14. Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық.
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).