Ең маңыздысы сапа!

Бүгінде біздің ұйымымыз – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) біздің тұтынушыларға тиісті деңгейде және жоғары сапада қызмет көрсетуге тырысатынымызды тағы да дәлелдеді.
2014 жылы қазанда біз сапа менеджменті жүйесі ( Қоғамда 2012 жылы қазаннан бастап сапа менеджменті жүйесі ендірілген) инспекциялық аудитінен сәтті өттік, мұнымен біздің компанияда біздің қызметтерімізге тән бекітілген талаптарды орындау бойынша қажетті жұмыстардың жүргізілетіндігі, сондай-ақ сапа менеджменті жүйесін тиісті деңгейде ұстау бойынша қажетті іс-шаралардың жүзеге асып жатқаны тағы да дәлелдене түсті.
Сапа менеджменті жүйесі сәйкестігін растау жөніндегі орган «Растама Серт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қоғамға өндірістік орта мен инфрақұрылымға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және басқа да ұйымдар қызметін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге қолданылатын сапа менеджменті жүйесі сәйкестік сертификаты қолданысын растау туралы 27.20.2014 жылғы №38 Шешімін берді.
Біз біздің сапа менеджменті жүйесінің ендірілгенін, жұмыс жағдайында ұсталынып отырғанын және ны одан әрі оны жақсартып жатқанымызды бірінші рет ддәлелдеп отырғанымыз жоқ.
Әрине, біздің кез келген жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің астарында бір ғана мақсатқа- жоғары деңгейде қызмет көрсету арқылы Қоғамның көркеюі мен өркендеуі үшін тырысатын біздің командамыздың-біздің ұжымның өзара түсіністігі мен ауызбірлігі жатқанын атап айтпауға болмайды.

Comments are closed.