Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үй-жайларды косметикалық жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2018 жылғы «16» ақпанда 09 сағат:00 минуттан бастап 2018 жылғы «23» ақпанда, 10 сағат:00 минутқа дейін.)

1. Тапсырыс беруші:  «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, А25Y5E8(050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – [email protected] .
Сатып алуды ұйымдастырушы:  «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ,  050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181,  тел.: 259-91-44, электронды мекенжайы – [email protected] .
Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен үй-жайларды косметикалық жөндеу  бойынша жұмысты сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Жұмыс атауы және қысқаша сипаттамасы:

Лот№ Жұмыс атауы Жұмыстың қысқаша сипаты Өлшем бірлігі Саны ҚҚС есептемегендегі бірлігі үшін бағасы,  теңге ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сома,  теңге
1 2 3 4 5 6 7
1 Үй-жайларды косметикалық жөндеу («3-Көктем» шағынауданы, 21-үй) Алматы қаласы, «3-Көктем» шағынауданы, 21-үй мекенжайындағы әкімшілік үй-жайларды косметикалық жөндеу
Көлемі: 2751 м2.
Жұмыс түрі: ҚР ҚНжәнеҚ 2.04-10-2004 «Оқшаулау және әрлік жабын», 5.4.-т. «Сылақшылық әрлеу жабыны құрылымына» сәйкес, қабырғаны, үй-жай төбесін (оның ішінде  күрделі құрылымдық дизайнымен қоса)   сулыэмульсиялы бояумен 2(екі)  реттен қабаттап бояу,  сызаттарды, тесіктерді бітей отырып, кедір-бұдырларды тегістеп,  қабырға бетін кішігірім жөндеу.
жұмыс  

 

 

1

 

 

 

962870,00

 

 

 

962870,00

  Үй-жайларды косметикалық жөндеу (Әйтеке би көшесі, 67-үй) Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67-үй мекенжайындағы әкімшілік үй-жайларды косметикалық жөндеу
Көлемі: 2751 м2.
Жұмыс түрі: ҚР ҚНжәнеҚ 2.04-10-2004 «Оқшаулау және әрлік жабын», 5.4.-т. «Сылақшылық әрлеу жабыны құрылымына» сәйкес, қабырғаны, үй-жай төбесін (оның ішінде  күрделі құрылымдық дизайнымен қоса)   сулыэмульсиялы бояумен 2(екі)  реттен қабаттап бояу,  сызаттарды, тесіктерді бітей отырып, кедір-бұдырларды тегістеп,  қабырға бетін кішігірім жөндеу.
жұмыс  

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

900 000,00

 

 

 

 

 

900 000,00

Жұмысты сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 1 862 870,00 (бір миллион сегіз жүз алпыс екі  мың сегіз жүз жетпіс) теңге 00 тиын.
2. Жұмыс орындалатын орын: Шартта көрсетілген мекенжай бойынша.
3. Жұмысты орындаудың талап етілетін  мерзімі, тізбесі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты:
2018 жылғы  «16» ақпанда  09 сағат:00 минуттан  бастап  2018  жылғы  «23»  ақпанда, 10 сағат:00 минутқа дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
2018     жылғы  «23»  ақпанда,  10 сағат: 30минутта.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беретін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050010, Алматы қаласы, Қонаев көш., 181.  № 204 кабинет.
7. Жұмыс үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптарымен және техникалық ерекше нұсқамасымен қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• орындалатын Жұмыс атауы;
• Жұмысты орындау орны мен мерзімі;
• Жұмыс бірлігі үшін ҚҚС сомасын есептемегендегі бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген  тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу атауы.
Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы  тиіс: «2018 жылғы «23» ақпан,   10 сағат 30 минутқа дейін ашылмасын».
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен  бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген  әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.