Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен кір жуу және химиялық тазалау қызметін сатып алуды өткізу туралы хабарландырады (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты: 2018ж. 23 тамыз сағат 9:30 ден бастап 2018 ж. 29 тамыз сағат 9:30 дейін)
1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – ugz@cma-nbrk.kz
2. Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, телефон: 259-91-81, электронды мекенжайы – ugz@cma-nbrk.kz
Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен кір жуу және химтазалау қызметін сатып алуды өткізу туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады.
3. Қызмет атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Қызмет атауы | Сипаттама | Өлшем бірлігі | Саны | ҚҚС есептеме-генде жалпы бөлінген сома бағасы, теңге | Қызмет көрсету орны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Кір жуу және химтазалау | Кір жуу қызметі: түкті және вафеля сүлгілерін, ақ жаймаларды, көрпе тыстарын, жастық тыстарын және т.б. (басшылардың қабылдау бөлмелеріне, медкабинетке) ағарту, крахмалдау, үтектеу, хош істендіру, дезинфекциялау:
Кір жуу (70 кг), 1 (бір) килограмм кірді жуудың құны (түкті және вафеля сүлгілерін, жастық тыстарын ақ жаймаларды, көрпе тыстарын, және т.б.): 1) Жуу мерзімділігі – аптасына 1 рет. 2) Жастыққаптар мен жаймаларды, кірлерді жуу, ағарту, крахмалдау, үтіктеу, хош иістендіру, дезинфекциялау. 3) Таза кірлерді Тапсырыс берушінің орналасқан орнына дейін тасып шығару, жеткізу (жүк тиеу-түсіру жұмыстарын қоса алғанда). 4) Қалпына келтіру бойынша қажетті қызметтерді орындау. 5) Түр-түрі бойынша бір рет пайдаланылатын полиэтиленді пакеттерде оралған таза кірді жеткізу. Химтазалау қызметі перде, портьера, ламбрекен, шілтер (басшылардың қабылдау бөлмелеріне) Химтазалау (35 кг), 1 (бір) килограмм құны, перде, портьера, ламбрекен, шілтер: 1. Перде, портьера, ламбрекен, шілтерді шешу және ілу. 2. Химтазалау перде, портьера, ламбрекен, шілтер. 3. Тапсырыс берушінің орналасқан жеріне дейін Перде, портьера, ламбрекен, шілтерді шығару, жеткізу (жүктеу-жүк түсіру жұмыстарын қоса алғанда). 4. перде, портьера, ламбрекен, шілтерді қалпына келтіру бойынша қызметті қажеттілігіне қарай орындауға. Бір рет қолданатын полиэтилен пакеттерде түр – түрімен оралған Таза перде, портьера, ламбрекен, шілтерді жеткізу. |
қызмет | 1,00 | 93 769,88 | 3- Көктем, 21-үй |
Қызметтерді сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 93 769,88 (тоқсан үш мың жеті жүз алпыс тоғыз) теңге 88 тиын
3. Қызмет көрсету орны – Шарт талаптарына сәйкес.
4. Талап етілетін Қызмет көрсету мерзімі: Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді беру күні мен уақыты: 2018ж. 23 тамыз сағат 9:30 ден бастап 2018 ж. 29 тамыз сағат 9:30 дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 ж. 29 тамыз сағат 10:00.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050010, Алматы қ., Қонаев көш., 181, №204 бөлме.
7.Қызмет үшін талап етілетін ақы төлеу талаптары Шарт талаптарына сәйкес.
8. Маңызды талаптарды көрсете отырып сатып алу туралы шарт жобасы және техникалық сипаттамасы қоса жіберіледі.
1) Әр әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтерді құрайтын, тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• көрсететін Қызмет атауы, сипаттамасы және саны;
• Қызмет көрсету орны мен мерзімі;
• Бірлік үшін бағасы және Қызмет көрсетуге байланысты шығындар кіретін Қызметтің жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстарын беруге қатысу үшін қызметті сатып алу атауы.
Баға ұсыныстарды әлеуетті жеткізушілер немесе уәкілетті өкілдер қолма-қол ұсыну кезінде әлеуетті жеткізушілерде немесе уәкілетті өкілдерінде өзінде жеке басын куәландыратын куәліктің көшірмесі бар баға ұсынысын ұсынуға құқығын беретін әлеуетті жеткізушінің мүддесін қорғайтын тұлғаларда сенімхат болу керек.
Баға ұсынысты поштамен жіберген сәтте, конверттің бетінде: «2018 жылғы «29» тамыз 10 сағат 00 минутқа дейін ашпау керек» деген қосымша белгі болу керек.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмелерін беруге міндеттеледі:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.