Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» жобасын әзірлеу бойынша қызметтерді (ҚОӘБ) (3-Көктем, 21) сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2017 жылғы «24» ақпан сағат 9:00-ден бастап 2017 жылғы «3» наурыз, сағат 10:00-ға дейін)

1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected] .
Сатып алуды ұйымдастырушы:  «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ,  Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, тел.: 2599 181, электронды мекенжайы – [email protected] .
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен «Қоршаған ортаға  әсерді бағалау» жобасын әзірлеу бойынша  қызметтерді (ҚОӘБ) (3-Көктем, 21) сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Қызмет  атауы және қысқаша сипаттамасы:

Лот Қызмет атауы Сипаттамасы Өлшем бірлігі Саны ҚҚС есептемегендегі бірлігі үшін бағасы,
теңгемен
ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сома,
теңгемен
1 2 3 4 5 6 7
1 «Қоршаған ортаға  әсерді бағалау» жобасын әзірлеу

(ҚОӘБ)

(3-Көктем, 21)

Алматы қаласы, 3-Көктем ш/а., 21-үй мекенжайында орналасқан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ әкімшілік үйлеріне арналған «Қоршаған ортаға  әсерді бағалау» жобасын әзірлеу (ҚОӘБ).
Жеткізуші  оған осы Қызметтерді көрсетуге құқ берілгендігін растайтын құжаттарды, аккредиттелген, аттестацияланған зертхананың құжаттарын беруге міндетті. Жеткізуші өз күшімен және құралдарымен Жобаны әзірлеуге және мемлекеттік қадағалау органдарымен келісуге, одан кейін Тапсырыс берушіге  екіжақты қабылдау-өткізу Акті бойынша  мемлекеттік қадағалау органдарымен келісілген Жобаны беруге міндеттенеді.  Жобаны әзірлеу кезінде  қоқыс көздерін аспаппен өлшеуді жүргізу және осы аумақты зерттеу
қызмет 1 448 393,00 448 393,00

Қызметті сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 448 393,00 (төрт жүз қырық сегіз мың үш жүз тоқсан үш) теңге 00 тиын.
3. Қызмет көрсететін орын – Шарт талаптарына сәйкес.
4. Қызмет көрсетудің  талап етілетін  мерзімі – Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты:
2017 жылғы  «24» ақпан сағат 9:00-ден бастап 2017 жылғы  «3» наурыз,  сағат 10:00-ға дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты:
2017  жылғы  «3» наурыз,  сағат 11 сағат 00 минут.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беретін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 бөлме.
7. Қызмет үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптарымен және техникалық ерекше нұсқамасымен қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• көрсетілетін Қызметі  атауы, сипаттамасы мен саны;
• Қызмет көрсету орны мен мерзімі;
• Қызмет көрсетуге байланысты шығыстары  қоса есептелген Қызмет бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген  Қызметті сатып алу атауы.
Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы  тиіс: «2017 жылғы «3» наурыз  11 сағат 00  минутқа дейін ашылмасын».
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен  бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқымен әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
• Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.

Получить документацию

Comments are closed.