Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен құрал-саймандарды сатып алу туралы хабарландыру (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2018 жылғы 14.03., сағат 10:00 ден бастап 2018 жылғы 26.03., 10:00 сағатқа дейін)
1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, электронды мекенжайы – ugz@cma-nbrk.kz
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, A25Y5E8 (050010), Алматы қ., Қонаев көш., 181, тел.: 259-91-44, электронды мекенжайы – ugz@cma-nbrk.kz
хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен құрал-саймандарды сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Тауар атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Тауар атауы | Тауардың қысқаша сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны | ҚҚС есептемегендегі бірлігі үшін бағасы, теңгемен | ҚҚС есептемегендегі сатып алуға бөлінген жалпы сома, теңгемен |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Алтықырлы бұрағыштар жинағы | Алтықырлы бұрағыштар жинағы ұстағышта болуы тиіс,алтықырлы профильді бұрандалы бекітпені бұрап енгізу және бұрап шығаруға арналған. Жинақ 10 дана L-бейнелі сопақ алты қырлы бұрағыштан тұрады: HEX 1.5 мм,2 мм, 2.5 мм, 3 мм, 4 мм, 5 мм, 6 мм, 8 мм, 10 мм, 12 мм. Алты қырлы бұрыштық кілттер жиынтығы HEX 1.5 – 12 мм оймакілтекке сәйкес болуы тиіс. Кілттер кеспек соғылған майыстырылған сопақ болуы тиіс. Тегіс жабынды эффектісі бар хромды жабынмен қорғалған. Жинақ пластмасса фирмалық қаптамамен жеткізілуі тиіс. | жинақ | 1 | 2 355,00 | 2 355,00 |
2 | Айқастырма бұрағыштар жиынтығы | Бұрағыштар 1000 В-ға дейінгі кернеудегі бұрама қосылыстарды монтаждауға және демонтаждауға арналған айқастырмалы болуы тиіс. Біліктің оқшаулау жабыны болуы тиіс.
Тұтқыщ сырғанатпайтын эргономикалық формада, ұстауға қолайлы болуы тиіс. Бұрағыштар жоғары сапалы хромды ванадий болаттан жасалуы тиіс. Барлық жиынтық фирмалық кейс қаптамада жеткізілуі тиіс. Жинақ құрамына 4 бұрағыш енуі тиіс: -PH0 X 75 мм, -PH1 x 100 мм, -PH2 x 150 мм, -PH3 x 150 мм |
жиынтық | 2 | 1 300,00 | 2 600,00 |
3 | Айқастырма бұрағыштар жиынтығы | Бұрағыштар 1000 В-ға дейінгі кернеудегі бұрама қосылыстарды монтаждауға және демонтаждауға арналған айқастырмалы болуы тиіс. Біліктің оқшаулау жабыны болуы тиіс.
Тұтқыщ сырғанатпайтын эргономикалық формада, ұстауға қолайлы болуы тиіс. Бұрағыштар жоғары сапалы хромды ванадий болаттан жасалуы тиіс. Барлық жиынтық фирмалық кейс қаптамада жеткізілуі тиіс. Жинақ құрамына 4 бұрағыш енуі тиіс: -PH0 X 75 мм, -PH1 x 100 мм, -PH2 x 150 мм, -PH3 x 150 мм. |
жиынтық | 4 | 1 295,00 | 5 180,00 |
4 | Айқастырма бұрағыштар жиынтығы | Бұрағыштар 1000 В-ға дейінгі кернеудегі бұрама қосылыстарды монтаждауға және демонтаждауға арналған айқастырмалы болуы тиіс. Біліктің оқшаулау жабыны болуы тиіс.
Тұтқыщ сырғанатпайтын эргономикалық формада, ұстауға қолайлы болуы тиіс. Бұрағыштар жоғары сапалы хромды ванадий болаттан жасалуы тиіс. Барлық жиынтық фирмалық кейс қаптамада жеткізілуі тиіс. Жинақ құрамына 4 бұрағыш енуі тиіс: -PH0 X 75 мм, -PH1 x 100 мм, -PH2 x 150 мм, –PH3 x 150 мм |
жиынтық | 1 | 1 300,00 | 1 300,00 |
5 | Бұрағыштар жиынтығы | Бұрағыштар 1000 В-ға дейінгі кернеудегі бұрама қосылыстарды монтаждауға және демонтаждауға арналған жалпақ (тіке) болуы тиіс. Біліктің оқшаулау жабыны болуы тиіс.
Тұтқыщ сырғанатпайтын эргономикалық формада, ұстауға қолайлы болуы тиіс. Бұрағыштар жоғары сапалы хромды ванадий болаттан жасалуы тиіс. Барлық жиынтық фирмалық кейс қаптамада жеткізілуі тиіс. Жинақ құрамына 4 бұрағыш енуі тиіс: -SL3 X 75 мм, -SL5 x 100 мм, -SL6 x 150 мм, -SL8 x 150 мм |
жиынтық | 4 | 1 295,00 | 5 180,00 |
6 | Бұрағыштар жиынтығы | Бұрағыштар 1000 В-ға дейінгі кернеудегі бұрама қосылыстарды монтаждауға және демонтаждауға арналған жалпақ (тіке) болуы тиіс. Біліктің оқшаулау жабыны болуы тиіс.
Тұтқыщ сырғанатпайтын эргономикалық формада, ұстауға қолайлы болуы тиіс. Бұрағыштар жоғары сапалы хромды ванадий болаттан жасалуы тиіс. Барлық жиынтық фирмалық кейс қаптамада жеткізілуі тиіс. Жинақ құрамына 4 бұрағыш енуі тиіс: -SL3 X 75 мм, -SL5 x 100 мм, -SL6 x 150 мм, -SL8 x 150 мм |
жиынтық | 3 | 1 300,00 | 3 900,00 |
7 | Победит бұрғылар жинағы | Победит бұрғылар жинағына мыналар енуі тиіс: d. 5 мм. – 1 дана; d. 6 мм. – 3 дана; d. 8 мм. – 3 дана; d. 10 мм. – 3 дана; Соққыға шыдамдылығы жоғары және ұзақ қызмет ететін қайта қайрауға дейін жоғары ресурспен үйлесімдегі тозуға төзімділігі жоғары болуы тиіс. Қаптама: ыңғайлы және берік алюминий кейс. Бұрғы Р9, Р18, Р9К15 маркалы тез тілгіш болаттан жасалуы тиіс. Т-үлгілі қатты құймадан жасалған қатты материалдарды (кірпіш, бетон) бұрғылауға арналған ұштығы болуы тиіс, ұштығында қатты құймалардан (вольфрам мен кобальт құймасының 9-дан 1қатынасы ) құйылған пластинамен дәнекерленген. Сондай-ақ ұштық бөлігін жарықшақтағаннан кейін жұмысын жалғастыруы тиіс. Барлық жинақ фирмалық қаптамада жеткізілуі тиіс. | жинақ | 1 | 5 000,00 | 5 000,00 |
8 | Победит бұрғылар жинағы | Победит бұрғылар жинағына мыналар енуі тиіс: d. 5 мм. – 1 дана; d. 6 мм. – 3 дана; d. 8 мм. – 3 дана; d. 10 мм. – 3 дана;
Соққыға шыдамдылығы жоғары және ұзақ қызмет ететін қайта қайрауға дейін жоғары ресурспен үйлесімдегі тозуға төзімділігі жоғары болуы тиіс. Қаптама: ыңғайлы және берік алюминий кейс. Бұрғы Р9, Р18, Р9К15. маркалы тез тілгіш болаттан жасалуы тиіс. Т-үлгілі қатты құймадан жасалған қатты материалдарды (кірпіш, бетон) бұрғылауға арналған ұштығы болуы тиіс, ұштығында қатты құймалардан (вольфрам мен кобальт құймасының 9-дан 1қатынасы ) құйылған пластинамен дәнекерленген. Сондай-ақ ұштық бөлігін жарықшақтағаннан кейін жұмысын жалғастыруы тиіс. Барлық жинақ фирмалық қаптамада жеткізілуі тиіс. |
жинақ | 1 | 4 300,00 | 4 300,00 |
9 | Бетон бұрғылайтын бұрғылар жинағы | Перфоратор артқы ілмегі және ұзартқышы
бар бетон бұрғылайтын бұрғылар жинағы ( фреза типті победитті). Жинақ мыналардан тұруы тиіс: d. 35 мм. – 1 дана; d. 40 мм. – 1 дана; d. 50 мм. – 1 дана; Бұрғының соққыға шыдамдылығы жоғары және ұзақ қызмет ететін, қайта қайрауға дейін жоғары ресурспен үйлесімдегі тозуға төзімділігі жоғары болуы тиіс. Қаптама: ыңғайлы және берік алюминий кейс. Барлық жинақ фирмалық кейс қаптамада жеткізілуі тиіс. |
жиынтық | 1 | 33 920,00 | 33 920,00 |
10 | Бұрғылар жинағы | Металл кесетін бұрғылар жинағы, бұрғының (1 мм.-ден 10 мм.-ге дейін), соққыға шыдамдылығы жоғары және ұзақ қызмет ететін қайта қайрауға дейін жоғары ресурспен үйлесімдегі тозуға төзімділігі жоғары болуы тиіс. Қаптама: ыңғайлы және берік алюминий кейс. Р9, Р18, Р9К15. маркалы тез тілгіш болаттан жасалуы тиіс.Барлық жинақ фирмалық қаптамада жеткізілуі тиіс. Сипаттамасы: 2φ биіктіктегі бұрышы – кемінде 116…118°. Көлденең жиектің көлбейлену бұрышы ψ=50…55°. Сүйірлену бұрышы кемінде 120°. Тұтас –диаметрі 8 мм-ге дейін немесе диаметрі 6 мм-ге дейінгі қатты құймадан жасалған бұрғы; Дәнекерленгендері – диаметрі 8 мм-ден артық емес бұрғы (аяқ жағы көміртекті, ал жұмыс бөлігі тез тілгіш болаттан жасалған); Бұрғы түрі: F немесе G. | жинақ | 5 | 2 000,00 | 10 000,00 |
11 | Кемпірауыз жинағы | Жинақта: түрлі ұзындықта және қалыңдықтағы алты кәсіби кемпірауыз.Аса қатты арнайы өңделген болат құймасынан жасалған. Тілгіш жиектер қолмен қайралуы тиіс. Тістеуіктері жұмсақ немесе қатты сымдармен, жез және алюминий көп талшықтылармен, бір немесе одан да көп желілік сым кабельдерімен жұмыс істеуге арналған. Пластик диэлектрлік ұстағыштары бар (1000В-қа дейінгі). Электрмонтаждық жұмыстар кезінде сымдарды майыстыру, майда шегелерді шығарып алу, сымдарды, шегелерді, сым желілерді ұстау, қайыру және қысып алуда қолданылады. Кемпірауыздар хром және ванадиймен легирленген жоғары көміртекті интрументалды болаттан жасалған
((S45C, Роквелла бойынша қаттылығы: 45±3° (тілгіш жиегі)), антикоррозиялық жабыны – бетінің қарайтылуы немесе қышқылдандырылып жабындалуы. тТеміршеберлік, электр монтаждық жұмыс жүргізу кезінде қолданылады. Барлық жинақ фирмалық кейсте жеткізілуі тиіс. Сипаттамалары: Оқшауланған тұтқыштары сырғанаудан қорғайды. Тілгіш жиегі: қатты және жұмсақ сымдарға арналған.Ұзын тілгіш жиектері индукционды закалкалы. Жалғасу: қаусырма. Жеке-жеке 10 кВ кернеуінде сыналуы тиіс. Шығатын жылы белгілене отырып. Кемпірауыз 1000 В –ға дейінгі ауыспалы тоқта және 1500 тұрақты токтағы кернеумен жұмыс істеуге арналуы тиіс. |
жинақ | 2 | 1 300,00 | 2 600,00 |
12 | Балта | Құрылыс балтасы. Жүзінің материалы – болат. Кемінде 1000г. сүректер мен басқа да массаларды жаруға, шабуға және оюға арналуы тиіс. Ұзындығы кемінде 55 см. Жүзі жоғары сапалы жоғары легирленген болаттан жасалған. Иілген сабы болат сынамен сыналанады; Ұңғысының біркелкі соққылық беті болуы керек, онымен бөлшектемелі сынаны қағуға болатындай. | дана | 1 | 5 000,00 | 5 000,00 |
13 | Электр бұрама шегені бұрағыш | Бұрғы (дрель) – бұрама шегені бұрағыш аккумуляторлық болуы тиіс, қосалқы аккумуляторымен бірге. Жинақта: SL5, SL6, PH1, PH2 бит жинағы, жарық индикаторларымен бірге зарядтау құралы, фирмалық кейсте қапталуы тиіс. Реверс функциясында айналу және бұрғылау режимінің 18 орнату күйі бар. Екі жылдамдықты, бірінші жылдамдықта кемінде 350 айн/мин, екіншісінде кемінде 1350айн/мин.
Кіріктірілген көмескі жарықты. Батареялары – литий ионды. Кернеуі – 230 В., 1,5 Ah, 50 Гц; Пайдаланылатын кернеу (тұрақты) – 14,4 В.; |
дана | 1 | 32 000,00 | 32 000,00 |
14 | Ажарлағыш дискілер | Ажарлағыш дискілердің диаметрі 170 мм., ішкі диаметрі – 20 мм болуы тиіс. | дана | 5 | 200,00 | 1 000,00 |
Тауарды сатып алуға бөлінген жалпы сома – ҚҚС сомасын есептемегенде 114 335,00 (жүз он төрт мың үш жүз отыз бес) теңге 00 тиын.
3. Тауар жеткізу орны – Алматы қ., Ермак көшесі, 24, телефон: 2 599 412.
4. Тауар жеткізудің талап етілетін мерзімдер Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2018 жылғы 14.03., сағат 10:00 ден бастап 2018 жылғы 26.03., 10:00 сағатқа дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2018 жылғы 26.03., 10:30 сағатта.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беретін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, A25Y5E8 (050010), Алматы қаласы, Қонаев көш., 181. № 204 кабинет.
7. Тауар үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптарымен және техникалық ерекше нұсқамасымен қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• жеткізілетін Тауар атауы, сипаттамасы және саны;
• Тауар жеткізетін орын мен мерзімі;
• Тауар бірлігінің бағасы мен Тауар жеткізуге байланысты оның шығыстары қоса қамтылған жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын берген тауарларды сатып алу атауы.
Баға ұсыныстарын пошта арқылы жібергенде, конверттің беткі жағында қосымша ескертпе болуы тиіс: «2018 жылғы «26» наурыз 10 сағат 30 минутқа дейін ашылмасын».
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқына берілген әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.