Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен кондициялау жүйесін қосалқы бөлшектерін ауыстыра отырып жөндеу бойынша жұмысты сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландыру (Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2016 ж. «12» шілде сағат 9:00-ден бастап 2016 ж. «19» шілде сағат 9:30-ға дейін)
1. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, электронды мекенжайы – [email protected]
Сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, Сатып алу басқармасы, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98: тел.: 259-94-12, электронды мекенжайы – [email protected]
Хабарландыруды орналастыру арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен кондициялау жүйесін қосалқы бөлшектерін ауыстыра отырып жөндеу бойынша жұмысты сатып алудың өткізілетіндігі туралы хабарландырады және көрсетілген сатып алуға қатысуға шақырады
2. Жұмыс атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № |
Жұмыс атауы |
Жұмыстың қысқаша сипаты |
Өлшем бірлігі |
Саны |
ҚҚС есептеме-гендегі бірлігі үшін бағасы, тенге | ҚҚС есептеме-гендегі сатып алуға бөлінген жалпы сома, тенге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 |
Кондициялау жүйесін жөндеу |
Жұмысты орындайтын орын: Алматы қ., Панфилов көшесі, 98; Кондициялау жүйесін қосалқы бөлшектерін ауыстыра отырып жөндеу («Hundai» сплит-жүйесі, ВК терезелік кондиционер: 1. Фреонды ауыстырып құю 2. Сплит-жүйедегі компрессорды демонтаждау 3. Сплит-жүйедегі компрессорды монтаждау 4. Фреон-трассаны азот қысымымен тексеру. 5. Жүйені вакуумдеу 6.Жүйені фреонмен толтыру 7. Терезелік кондиционер компрессорын демонтаждау 8. Терезелік кондиционер компрессорын монтаждау 9. Вакуумдеу 10. Фреонмен толтыру 11. Іске қосу мен жөндеу жұмыстары |
жұмыс |
1 |
145 715,00 |
145 715,00 |
2 |
Кондициялау жүйесін жөндеу |
Жұмысты орындайтын орын: Алматы қ., Қонаев көшесі,181; Кондициялау жүйесін қосалқы бөлшектерін ауыстыра отырып жөндеу («Almacom» сплит-жүйесі (2 дана)): 1. Фреонды ауыстырып құю 2. Сплит-жүйелердегі компрессорды демонтаждау (2 дана) 3. Сплит-жүйелердегі компрессорды монтаждау (2 дана) 4. Фреон-трассаны азот қысымымен тексеру. 5. Жүйені вакуумдеу 6. Жүйені фреонмен толтыру 7. Іске қосу мен жөндеу жұмыстары |
жұмыс |
1 |
157 500,00 |
157 500,00 |
3. Жұмысты орындайтын орын: Алматы қ., Панфилов көшесі, 98; Алматы қаласы, Қонаев көшесі,181.
4. Жұмысты орындаудың талап етілетін мерзімі Шарт талаптарына сәйкес.
5. Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді берген күні мен уақыты: 2016 ж. «12» шілде сағат 9:00-ден бастап 2016 ж. «19» шілде сағат 9:30-ға дейін.
6. Баға ұсыныстары бар конверттерді ашу күні мен уақыты: 2016 ж. «19» шілде сағат 10:00-де.
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын жеткізетін орны – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» АҚ, 050000, Алматы қ., Панфилов көш., 98, №401 бөлме.
7. Жұмыс үшін ақы төлеудің талап етілетін тәртібі Шарт талаптарына сәйкес.
8. Сатып алу туралы шарт жобасы маңызды талаптарымен және техникалық сипаттамасымен қоса беріледі.
1) Әлеуетті жеткізуші ұсынылған нысан бойынша мына мәліметтер мен құжаттардан тұратын әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген тек бір баға ұсынысын бере алады:
• әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлғалар үшін), патент және жеке куәлігінің (төлқұжат) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны (жеке тұлғалар үшін), банктік деректемелері;
• орындалатын Жұмыс атауы, сипаттамасы мен саны;
• Жұмысты орындау орны мен мерзімі;
• Жұмысты орындауға байланысты шығыстары қоса есептелген Жұмыстың бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы.
2) Әлеуетті жеткізуші желімдеп жабылған баға ұсыныстары бар конверттің бет жағында мыналарды көрсетуі керек:
• әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық (заңды) мекенжайы;
• сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы;
• әлеуетті жеткізуші қатысу үшін баға ұсыныстарын беретін Жұмысты сатып алу атауы.
Әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын өз қолымен бергенде, әлеуетті жеткізушілер немесе оның уәкілетті өкілдері баға ұсыныстарын беру құқымен әлеуетті жеткізушінің мүдделерін қорғайтын тұлғаларына жеке басын куәландыратын құжат көшірмесімен сенімхатты беруге тиіс.
Шартқа қол қою үшін Жеткізуші мына құжаттардың көшірмесін беруге міндеттенеді:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін:
• Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса);
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық
Жеке кәсіпкер үшін:
• ЖК тіркеу туралы куәлік;
• Толық деректемелерді көрсете отырып банктен анықтама;
• Жеке куәлігі;
• ҚҚС бойынша тіркелу есебіне қойылу туралы куәлік (салық салынатын болса).
Жеткізуші тарапынан сатып алу туралы шартқа қол қоюдың талап етілетін мерзімі – 7 жұмыс күні.